Су тасқыныны қаупі сейілген жоқ. Биыл да елімізде 200-ден астам ауыл қар суы құрсауында қалуы мүмкін. Табиғаттың тосын мінезін нақты болжау қиын, дегенмен алдын ала қамданғанның ақысы түгел болатынын естен шығармаған жөн. Сондықтан қағаз жүзінде қай қатерге де дайынбыз деп мәселені жылы жауып қоя салмай, нақты іске қолқабыс етер шешімдерді қабылдау қажет. Тілшіміз дайындаған арнайы сюжетке зер салайық.
Жыл сайын барлық өңірлер су тасқынына толық дайынбыз деп баяндайды. Ал сайып келгенде қаншама тұрғын зардап шегіп, инфрақұрылым бүлініп жатады. Бұл мәселені бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі көтерді. Олжас Бектеновтің айтуынша, оқу-жаттығулар тек формалды түрде өткізіліп, дайындық қағаз жүзінде ғана қалады.