Түркістан
EN

«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі

353
20.02.2024

Түркістан облысында салынуы тиіс 63 жайлы мектептің  бірі осы. Облыс орталығының Жаңа қала ықшам ауданында бой көтеруде. Ауданда бұдан өзге тағы бір жайлы мектеп салынып жатыр. 2000 шақталған меткептің құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде көріп тұрғандарыңыздай, құрылыс келген. 2024 жылдың соңында аяқталып, ел игілігіне беріледі, деп күтілуде.

Бұл - былтыр құрылысы басталған 29 жайлы мектептің бірі. Жаңа қала атауы берілген білім ұясын отандық мердігерлер салып жатыр. Мектептің ішкі құрылымы Ұлттық жобаның талабына сай, дейді "Самұрық қазына" өкілдері. Мұнда пәндік бөлмелер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар болады. Ең бастысы, бұл білім ордасы мектеп тапшылығын жою талабын орындайды. Айта кету керек, Түркістан облысы Ұлттық жобаны орындауда еліміз бойынша көш бастап тұр.