Түркістан
EN

«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы нәтиже бермеді - Сенат төрағасы

191
20.02.2024

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы нәтиже берген жоқ. Бүгін Үкімет сағатында Сенат төрағасы осылай ашық айтты. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өскен. Ал солтүстік аймақтарда, керісінше. Азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдары халық саны Солтүстік Қазақстан облысында - 22, Павлодарда - 6 және Қостанай облысында 8 пайызға азайған. Осы орайда Мәулен Әшімбаев Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заңда еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру шаралары қарастырылуы қажет екенін айтты.