Түркістан
EN

Ескі қолжазбалар жаңарады

68
20.02.2024

Еліміздің ақпарат және мәдениет министрлігінің қолжазбалар комитеті көне кітаптарды іздейді. Бұл ескі қолжазбалалар мемлекетіміздің тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысты болуы тиіс. Комитет тарихи жазбаларды қалыпқа келтірумен 2017 жылдан бері айналысады. Мамандар Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағына, Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын қайта жаңғыртқан. Биыл олар 4 өңірге ғылыми экспедиция ұйымдастырып отыр. Оның ішінде Түркістан облысы да бар. Реставраторлар Түркістан облысының тұрғындарынан қандай да бір өткен ғасырларға тиесілі кітап яки қолжазба болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуды, электронды почтаға хат жазуды сұрайды.