Коронавирус қайта оралды. Бұл туралы Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Бір ғана Алматының өзінде 200-ден астам адам осы вирусты жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 30 жағдай тіркелген. Коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз жолы - вакцинация екенін есте ұстаған жөн, дейді жауапты мамандар. Індет жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс маскаларын қолдану, адамдар көп жиналатын жерге барудан және температурасы жоғары науқастармен байланыста болудан бас тарту ұсынылады.