Пәкістанның Чаман қаласындағы ауған халқы тәліптерден шекараны ашуды талап етіп шеруге шықты. Наразылық соңы қақтығысқа ұласқан. Тіпті тәртіп сақшыларына тас лақтырғандар да болған. Ал полиция өкілдері ереуілшілерді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Абырой болғанда зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Естеріңізге сала кетсек, Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы бақылау бекеттері 5 қазан күні жабылған болатын. Ал Пәкістан тарапы шекараны ашу үшін тәліптермен келіссөздер жүргізіп жатыр.