Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы хабарлады.Олар Жамбыл мен Жетісу облыстары. Бұған дейін 12 облыста күн райының күрт суына байланысты, көлік қозғалысына шектеу қойылып еді. Сондай-ақ, республикадағы тоғыз облыстың мектептері онлайн форматта білім алуға көшті. Ал мамандар алдағы 2 күн сарышұнақ аяз сақталады деп отыр.