Енді шетелге шығарда балаларыңызды ойланбай алып кете аласыздар. Өйткені бүлдіршіндерге төлқұжат рәсімдеу екі есе арзандады. Ал жарамдылық мерзімі 5 жылға қысқарды. Не себепті төлқұжат бағасы арзандап, жарамдылық мерзімі екі есе қысқарды?
Хадиша Анарбаева - Түркістан қаласының тұрғыны. Ол қызын емдету үшін шекара асуы қажет. Сол себепті бүгін Азаматтарға арналған үкіметке жүгінбек. Келіншек балалар төлқұжатының арзандағанын осында келгенде бір-ақ біліпті. Қысылтаяң шақта қаражаттың жартысы қалтасында қалатынына қатты қуанып отыр.