Өткен жылы отандастарымыз көлікке тағатын ВИП нөмірлер үшін 10 млрд. теңгеге шығындалыпты. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 3 млрд. теңгеге артық. Мамандарының айтуынша, 30 мыңға жуық азамат қымбат нөмірлерге тапсырыс берген. Олардың арасында 010, 020, 077, 707 секілді нөмірлер бар. Бұлардың әрқайсының құны 210 444 теңге тұрады. Оған қоса әріптері бірдей 001, 002, 004, 005, 777 сынды ВИП нөмірлердің бағасы 1 млн. теңгеден асып жығылады.