Түркістан
EN

680 миллион теңге жымқырылған: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді

144
19.02.2024

680 миллион теңге жымқырған. Алматы облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, күдікті лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін кәсіби бағдаршы деп көрсетіп, оған жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген. Қазіргі таңда сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.