Түркістандағы «Экобазар» сауда кешенінде көпшілік көңілінен шыққан жәрмеңке өтті. Шарада көкөніс пен жеміс-жидектен бөлек, сүт, балық нан өнімдері саудаланды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.
Күн райының күрт суығанына қарамастан, сауда кешеніне келген халықтың қарасы қалың. Себебі, жәрмеңкедегі тауар бағасы көңілге қонымды, қалтаға салмақ салмайды. Базар сөрелерінде нарықтағы бағадан 30-40 пайызға төмен сатылатын әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдері самсап тұр. Әсіресе, күнделікті тұтынатын көкөніс өнімдеріне сұраныс жоғары болды.