Түркістан облысының Жетісай ауданында су жаңа спорт кешені ашылды. Ол жерде балалар мен жасөспірімдер волейбол, баскетбол, футзал, ауыр атлетика үстел теннисімен айналыса алады. Оған қоса таэквондо, еркін күрес, бокс секілді жекпе-жек түрлерімен айналысуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ 150 көрермен спортшылардың өнерін тамашалай алады. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты. Ауданы 1 гектардан асатын спорт ғимаратын салу үшін 1 млрд. 174 млн. теңге жұмсалған. Бұл спорт кешенінде «Жетісай спорт клубы» мекемесі орналасады. Клуб мүшелері спорттың 7 түрінен аудан намысын қорғап келеді.