Өңір басшысы алдымен «Шайдар» шаруа қожалында болды. Егістік алқабында 11,6 гектар аумаққа қырыққабат егілген. Алдағы уақытта гектарынан 300 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Көкөністі ішкі нарықтан өзге, Ресей еліне де экспорттамақ ниетте. Мұнда қырыққабаттың «Ринда», «Галикан» сорттары бар.