Түркістан
EN

Сарығашта жаңа әдіспен құлпынай өсірілуде

128
19.02.2024

Сарыағаш ауданы Мәдениет елді мекенінде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай бар. Инвестициялық құны 300 млн теңге болатын шаруа қожалығында 15 адам жұмыс істейді. Олар 13 гектар аумақта құлпынай өсіреді. Егістікке тамшылатып суғарудың автоматты жүйесі қолданылады.  Жаңа технология мол өнім алуға мүмкіндік береді. Кәсіпкер 3 жыл ішінде 50 тоннадан астам өнім алған. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кәсіпкермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.