Түркістан
EN

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы мектептердің құрылысы қалай жүріп жатыр?

158
19.02.2024

Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын үйлестіруде республикада көш бастап тұр. Жоба аясында өңірде 63 мектеп салу көзделсе, оның 29-ы биыл тапсырылады. Ал Сарыағаш ауданында ұлттық жоба аясында 4 білім ұясының құрылысы жүріп жатыр. Солардың біріне облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барды. 300 орындық мектептің құрылысы былтыр басталған. Биыл ел игілігіне тапсырылады. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған жобаны өте сапалы атқару маңызды екенін айтты. Аудан әкімі, Білім басқармасының басшысы мен мердігерге жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруды тапсырды.