Түркістан
EN

Мединада қазақ жігіті пайғамбарымыздың құрмасын өсіреді

185
16.02.2024

Сауд Арабиясында соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) құрмасын өсіретін қазақ тұрады. Ол туралы сол жаққа Умра қажылығын өтеуге барған журналист кәсіпкер, National Geographic Qazaqstan журналын Қазақстанға алып келгендердің бірі Мақсат Ясылбайұлы өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады. Араб түбегінде туып өссе де, қазақ тіліне жетік, одан бөлек араб, түрік өзбек тілдерінде де еркін сөйлейтін Мұхаммед өз тауарын 50-70 реалдан сатады екен. Құлшылық үшін Мәдина келген жандарға өз өнімін ұсынады. Тұтынушылары арасында Қазақстаннан келетіндер көп көрінеді. Олармен жақсы қарым-қатынас құрған. Мұхаммед тарихи отанын сағынып елге келіп тұратынын айтады.