Қызылорда облысында су басу қаупі жоғары аймақтарды әуеден бақылау жүргізілді. Өңірге арнайы сапармен барған төтенше жағдайлар министрі су электр кешенінде болып, Сырдария өзеніндегі су деңгейін бақылады. Сырдарияның су деңгейін реттейтін Қызылорда су торабы күрделі жөндеуден өтіп, гидро нысан биыл толық іске қосылды. Аймақта сең жүру қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, жергілікті мамандар, тасқынның алдын алу бойынша кешенді жоба әзірлеп, төтенше жағдайлар министрлігіне ұсынып отыр. Қызылорда облысындағы меншікті тілшіміз Самат Баймаханов толықтырады.