Үкімет басшысы Олжас Бектенов Канвонда өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесті. Жиында спортшыларды құттықтап, Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ биылғы бәсекеде ұлттық құрама қоржынына, алғашқы алтын түскенін еске салды. Қазақстан әлемнің 78 елі қатысқан сайыста 20-орынды иеленген еді. Премьер-министр бұл нәтижені күллі отандастарымыз мақтан тұтанын айтып, жаттықтырушылардың да, еселі еңбегін атап өтті.