Түркістан
EN

Түркістан вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

149
16.02.2024

Тоғыз жолдың торабындағы Түркістан темір жолы тозып тұр. Соңғы рет 2005 жылы жөндеу көрген. Ал 2022 жылы күрделі жөндеуден өтуі керек еді, бүгінде құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Ол кезде тек перон жолдарының жабындалып ауысып, теміржол бойына жарықшамдары қойылған. Вокзал ішінің едені мен жылу батарейлері ғана жаңарған. Бірақ жылу мардымсыз. Қыстыгүні күту залының іші қара суық. Есік пен терезелері түгел жаңарып, вокзалдың іші сырты боялуы керек еді, оған қаржы жеткіліксіз болып жұмыс тұралап қалған екен. 120 жылдық тарихы бар, республикалық маңызы бар нысанда бүгінде 17 қалаларалық, 3 халықаралық бағытта поезд жүреді. Вокзал қызметкерлері келушілерге жағдай толық жасалынбағанын айтады.