Түркістан
EN

Бұрқасын, көктайғақ: елімізде 100 жол жабылды

73
16.02.2024

Бүгін еліміздегі 100-ге жуық тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Басты себеп – күн райының қолайсыздығы. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы мәлімдеді. Жабылған жолдар еліміздің 16 облысында. Олардың көбі орталық пен солтүстік аймақтардағы автожолдар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 1900 шақырымнан аса жол жабылса, Павлодар облысындағы 1624 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.