Түркістан
EN

Түркістанға Төтенше жағдай министрі келді

99
16.02.2024

Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Арынов келді. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалдымен бірге өңірдегі  «Көксарай» су реттегішіне барып, жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, су нысанының жағдайын тікұшақпен барлап, шолу жасады. Министр бөгеттің бойына қосымша зерттеулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің және дабыл қондырғыларын орнатудың қажеттігін айтты. Сондай-ақ  тұрғындар арасында үй маңындағы аумақтарды тазартуды, халықты су тасқыны кезеңіне дайындауды және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.  Айта кетсек, «Көксарай» су реттегіші 2011 жылы қолданысқа берілді, негізгі мақсаты - су тасқыны кезінде суды реттеу. Облыста су тасу қаупі бар 1 елді мекен айқындалған, онда  665 үй мен 1620 адам бар.