Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалар мен жүкті әйелдерге тіс емдету тегін. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жүзеге асады. Оған қоса тісі ауырып, жедел көмекті қажет еткен 1-2 топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқа иегерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері де тегін емделеді. Ал жоғарыда аталған кәмелет жасқа толмаған балалар мен жүкті әйелдер тіс ауруы мазаламаса да жоспарлы түрде ақысыз емделе алады. Ол үшін өзіңіз тұратын өңірдегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты бар кез-келген стоматологияға бара аласыз.