Кәріз құдығынан шығатын жағымсыз иістен құтыла алмай келеміз. Түркістан қаласындағы Сырғақ батыр көшесіннің тұрғындары осылай шағымданып отыр. Мәселені айтып, бармаған жері жоқ. Тіпті, қала әкімдігінің қабылдауында да болыпты. Алайда, құрғақ уәдемен шығарып салатын көрінеді. Амалы таусылған тұрғындар арнамызға хабарласты.