Түркістан
EN

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұсталды

92
15.02.2024

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұсталды. Аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта жасалған. Күдікті Hyundai Elantra көлігін тізгіндеп, қылмыс орнынан ізін суытқан. Аталған көлікті Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы анықтапты. Көлікті ұстауға дереу патрульдік жасақ бағытталды. Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан. Алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.