Түркістан
EN

Қазақстанда бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек

100
15.02.2024

Қазақстанда бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек. Тиісті жобаны Энергетика министрлігі Нормативтік Құқықтық Актілер порталында  жариялады. Жоба жанар-жағармай құю стансалары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуді көздейді. Нақтырақ айтсақ, бензиннің Аи-80 маркасының 1 литрі үшін 89 теңге; Аи-92 және Аи-93 маркасының 1 литрі үшін 205 теңге; Дизельдің 1 литрі үшін  шекті бағаны 295 теңге,- көлемінде бекіту ұсынылған. Аталған жаңашылдықты қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.