Түркістан
EN

Киелі жерлер шырақшылардың күнкөріс көзіне, бақсы балгерлердің ордасына айналған

83
15.02.2024

Киелі жерлер шырақшылардың күнкөріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысында осындай мәселе көтерген Дархан Қыдырәлі еліміздегі рухани ескерткіштерді мемлекет қарауына алуды ұсынды. Сенатор қазақ хандығының алғашқы астанасы болған Созақта Алтын Орда хандарына рухани ұстаз болған Баба Түкті Шашты Әзиз, Керей-Жәнібек, Хақназар сынды алғашқы қазақ хандары жатқанын, бүгінде сол қорымдардың қараусыз қалып, бастапқы келбетінен қатты ауытқығанын айтты. Сондықтан көне Сайрам мен Созақтағы рухани ескерткіштерді сақтау ісін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына тапсыруды ұсынамыз», - деді Дархан Қыдырәлі.