Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарын жоғары бағалады

126
15.02.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Қатар Мемлекетіне жасаған алғашқы сапарының қорытындысын жариялады. Президент өз жазбасында Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалайтынын жазды. Айта кетсек, екі күнге созылған сапар аясында Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойған болатын. Мемлекет басшысы келіссөз нәтижесінде қазақ-қатар қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өтті.