9 күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін 17 мыңға жуық жүргізуші бұзған. Мұны Түркістандық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықтаған. Сондай-ақ қарсы жолаққа шыққан 17, бағдаршамның қызыл түсіне өткен 80 көлік, авариялық жағдай тудырған - 43 темір тұлпар тіркелген. Және жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 3 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.