Түркістан
EN

ҚазҰУ шу шықты: студенттер жайлы жеке ақпарат жарияланып кеткен

58
15.02.2024

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дау шықты. Кеше медициналық қызметкерлердің салғырттығынан студент қыздардың жеке ақпараты тарап кеткен. 2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберген. Мұнда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Қазір Жоғарғы оқу орны басшылығы қызметтік тексеру тағайындап, Алматы прокуратурасы жеке деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  Ал еліміздің жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәселені бақылауға алғанын мәлімдеді.