Теміртауда дүкенде жарылыс болып, бір адам үйінді астынан шығарылды. Оқиға бүгін таңғы 08:00-ден 6 минут өткенде болған. Жарылыс Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында орын алды. Осылайша ғимарат өртеніп, қирап қалған. Тексеру кезінде үйінді астында қалғандардың орны анықталды. Қазір үйіндіні бөлшектеп жатыр. Астынан әйел адам шығарылды. Жарақат алған адамның айтуынша ол жерде тағы бір ер адам болыпты. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.