Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аяқталды. Екі күнге созылған сапарда екі ел басшылары бірқатар келісімге қол қойды. Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беретін уақыт келгенін жеткізді. Айта кетсек, бұл - Президенттің Қатар еліне алғашқы мемлекеттік сапары болатын.