Жылуға жарымай отырмыз. Түркістандағы Отырар мөлтек ауданының тұрғындары осылай деп арнамызға хабарласты. Тиісті мамандар 3 күн ішінде жылу қосылады деп уәде берген екен. Бірақ cодан бері бірнеше күн өтіпті. Суық пәтерде бүрсеңдеген жұрттың жанайқайын арнамыздың тілшілері тыңдап қайтты.