Түркістан
EN

Мектепте балаларға оқ атылады деп елді дүрліктірген 10 жасар оқушы болып шықты

126
14.02.2024

Қостанайда мектептерге терактілік шабуыл жасалғалы жатқаны жайлы жалған ақпаратты таратқан адам анықталды. Ол 15-ші ақпанда мектептерге басып кіріп балаларды атамыз деген мағынадағы хабарлама ватсап желісінде тараған. Елді дүрліктірген 10 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Ол әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы жарияланымның мәтінін көшіріп, фотосуретті монтаждаған. Содан кейін хабарламаны ватсап мессенджері арқылы сыныптастарына жіберген. Қазіргі таңда, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал оқушының ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.