Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен келіссөз жүргізді. Президент соңғы 30 жылда Қазақ-Катар қарым-қатынастары жақсы кезеңге аяқ басқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қос мемлекеттің арасында саяси диалог, экономикалық серіктестік және мәдени-гуманитарлық байланыстар орнықты. Соңғы үш жылда қол жеткен келісімдер түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Катар нарығына 60 шикізаттық емес тауар түрі бойынша экспортты 250 млн долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін, таяу келешекте тауар айналымын 500 млн долларға дейін арттыруға ниетті екенін атап өтті. Екі ел басшылары келіссөздер барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды.