Байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлға ілікті. Рудныйдағы сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды. Бұл туралы мәлімдеген Рудный қаласының прокуратурасы қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады. Осылайша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты. Нәтижесінде 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.