Ұзақ жолға сапарлатамын десеңіз, жоспарыңызды кейінге шегеріңіз. Себебі ауа райының күрт сууынан 11 облыста 46 жол жабылды. Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған. Түркістан облысында ауа-райы тұрақты. Десе де көршілес Жамбыл облысында - 1, Қызылорда облысында - 3 учаскеде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелген.