Түркістан
EN

Сәтпаев қаласының әкімі ұсталды

78
14.02.2024

Сәтбаев қаласының әкімі ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Шапағат Әубәкіров қызметін асыра пайдаланып, мердігерден 10 миллион теңге алған. Күдікке ілінген шенеунік аталған қызметке өткен жылдың басында тағайындалған. Ал мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бері жұмыс істеп келген. Бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы, ал 2021-2023 жылдар аралығында Сәтбаев қаласының депутаты болған. Қазіргі сәтте Шапағат Әубәкіров қамауда отыр.