Қарағанды облысында қарақшылар құрықталды. Құзырлы орган өкілдері Қарағанды кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты тұтқындаудың екінші кезеңін өткізді. Нәтижесінде 8 адам ұсталды. Олардан тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрі мен діни кітаптар тәркіленді. Қазір күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар- жоғы анықталып жатыр. Еске сала кетейік, былтыр құзырлы орган өкілдері топтың 7 мүшесін қамауға алған. Осылайша жалпы 55 млн теңгеге бопсалау фактісі анықталған.