Түркістан
EN

Президент мемлекеттік сапармен Катарға барды

34
14.02.2024

Қасым-Жомарт Тоқаевты Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Катар басшыларымен екіжақты кездесу өткізіп, маңызды құжатқа қол қояды деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.