Түркістан
EN

Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

117
13.02.2024

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды. Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс министр мен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды. Нәтижесінде, оның жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін 6 айға, адвокаты Мұстахим Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айыппен 2022 жылдың 28 мамырында қамауға алынған еді.