Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейді. COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Түркістан облысында жыл басынан бері бұл вирус 3 адамнан анықталыпты. Айта кетерлігі былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда тұмау инфекциясы 1,7 есеге төмендеген. Дегенмен мұнымен қауіп сейілді деуге болмайды. Мамандар тұмауға қарсы екпенің маңыздылығы айтып, көпшілік орындарда медициналық маска тағып жүруге кеңес береді.