Түркістан
EN

Алматыда үш автобус соғысты

56
13.02.2024

Үш бірдей қоғамдық көлік бірін-біріне соғысты. Қақтығыс бүгін таңертең Алматы қаласында болған. Райымбек даңғылымен келе жатқан №54-бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі №133-бағыттағы автобуспен және Nexia маркалы машинамен соқтығысқан. Осы кезде 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан №88-ші қоғамдық көлікке барып соғылған. Автобустардың алдынғы терезесінің сау-тамтығы қалмаған. Ал, жарақат алған жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді. Әзірге, нақты қанша адам зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі екен.