Түркістан
EN

Жалған нөмір таққан көліктер ұсталды

68
13.02.2024

Түркістан облысында жалған нөмір таққан көлік жүргізушілері ұсталды. Жедел басқару орталығының кезекшілері "Жалған нөмірі" бар автокөлікті бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Тәртіп сақшылары "Toyota Camry" жүргізушісі нөмірлік белгінің орнына автокөлікке "TurAvto"деген жазуды орнатқанын тіркеп, оқиға орнына патрульдік полицейлерді бағыттаған. Олар өз кезегінде көлікті бірден тоқтатып, құқық бұзушының көлігі айыптұраққа қойылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.