Атырауда қалың қар еріп, көшелерді су басты. Жергілікті әкімдік жағдай бақылауда дейді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметі 2000 текше метр су шығарылды дейді. Облыс орталығының көшелерін жаңбыр мен еріген судан тазарту үшін 21 арнайы техника жұмылдырылған. Тазарту жұмыстары судан толық құтылғанша жалғаса бермек. Айта кетейік, шаһар көшелерінде арық жүйесінің жоқтығы жығылған үстіне жұдырық болған.