Ақмола облысында жылқыларға жұт келіп, жаппай аштан қырылып жатыр. Даладан қорек таппаған жылқылар мен биелер қораны паналауға мәжбүр. Өйткені, қыстау жауын жауып жердің беті қатып қалған. Оның үстіне биыл қар да қалың түсіп, мал тебіндей алмай, жүдеп кетті. Жерден талғажау етер шөп таба алмаған жылқылар далада өліп жатыр. Өрістегі малынан айырылған жылқышылар жанайқайын кімге айтарын білмей дабыл қағуда.