Түркістан
EN

Теміртауда 20 жастағы әскери қызметкер көз жұмды

107
25.10.2021

Теміртау қаласындағы әскери бөлімде сарбаз оққа ұшты. Марқұм Түркістан облысының тумасы екен. Оқиға 21 күні түнде болған. Әскери бекетте тұрған 20 жастағы жауынгердің қолындағы қару атылып кетіп, басын жарақаттаған. Сарбаз жедел облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.