182 млрд теңге. Соңғы екі жылда елімізде орман өртінен келген шығын көлемі осы. Тілсіз жаудан 100 мың гектардан астам орман жойылды. Енді табиғаттың қайта қалпына келуі үшін кемі 30 жыл қажет. Алаңдатарлық мәселе мәжілістің үкімет сағатында көтерілді.