Жыл басынан бері үш азамат ковидке шалдықты. Ал бұл бір ғана Түркістан облысындағы жағдай. Өңірде мұнан өзге қызылша дерті де дендеп, 378 тұрғын аурумен алысыпты. Оның ішінде 1- жасқа дейін- 97 жағдай, 1 мен 14 жас аралығы - 207 жағдай, 18 жас және одан жоғары ересектерде - 70 жағдай тіркелген. Нәтижесінде 170 мыңнан астам адамға екпе салынған.