Түркістан
EN

Президент қолайсыз ауа райында жұртқа көмектескендерге алғыс айтты

101
12.02.2024

Табиғаттың тосын мінезіне тосырқамай, кәсіби міндетін қалтқысыз атқарған қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталады. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптадағы қолайсыз ауа райында жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғысын білдірді. Алда бірқатар әлеуметтік сала мамандарының бұл ерлігі бағаланатын болады. Олардың қатарында жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет саласының өкілдері бар.