Абай облысында қарлы боранда жоғалып кеткен бала ата-анасымен қауышты. 8 жасар Мерей Иманғали жоғалған малды іздеуге шыққан. Ақтүтек бораннан жүретін жолды көре алмай қалған. Бүлдіршінді іздеуге әскерилер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жүруге қиын аймақтарға қарда жүретін көліктер мен сал аттылар жұмылдырылды. Бала боран басылғаннан кейін іздестіру тобының шамын көріп, соған қарай жүрген. Аягөз аумағынан табылған ол бүгінде үйіне жеткізілді.